Жаңалықтар тізбегі
0

Түркіменбашының немересі $1000 сыйлықпен марапатталды

tdh.gov.tm, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2020 15:30 tdh.gov.tm
Бердімұхамедовтің немересі "ұлттық өнерді байытудағы еңбегі үшін" сыйлығын алды.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің немересі Керимгулы парламент шешімімен "Tуркмен Алтын асыры" деген президент сыйлығымен марапатталды, деп жазады "Туркменпортал" сайты.

Керимгулы Бердімухамедовке "ұлттық өнерді жаңа шығармаларымен байытып, мерекелік шараларды сәтті орындап жүргені үшін" алтын алқа тағылып, 3500 манат (1000 доллар) сыйақы берілген.

"Tуркмен Алтын асыры" деп аталатын байқау жыл сайын ел тәуелсіздігі күні құрметіне өткізіледі.

Керимгулы түркімен президентінің ең танымал немересі. Ол атасының (президенттің) өлеңдеріне ән жазады әрі оны түрлі концерттік шараларда бірге орындап жүр. 2019 жылы "Каракум" әнін екеуі орындаған. Биыл сәуір айында Ат жарысы ұлттық мерекесінде де аталған әнді бірігіп орындады.

2019 жылы "түркімен президентінің денсаулығы күрт нашарлады, Бердімұхамедов мұрагерлік операциясын бастады" деген қауесет шыққан. Кейбір басылымдар сол кезде президент орнына ұлы Сердарды дайындап жатыр" деп жазды. Ол қазір елінде өндіріс және құрылыс министрі. Сол тұста саясаттанушы Аркадий Дубнов түркімен президенті немересі Керимгулыны да үлкен саясатқа әкелуі мүмкін деген.

"Бірнеше жыл бұрын Түркіменстанға іс сапарға жиі баратын жоғары лауазымды шенеунік президенттің қарамағындағы адамдар Керимгулының аяғын сүйеді деп айтып келген. Олар немересіне де ант беруге дайын. Ол кезде немересі бар болғаны жеті-сегіз жаста болатын", – деген саясаттанушы.

Дереккөз: centralasian.org

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: