Жаңалықтар тізбегі
0

Бас мүфти карантин талаптарын сақтауға шақырды

muftyat.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2020 16:40 muftyat.kz
Елбасы "ел болып бірігіп, Алла қаласа, бұл сынақты міндетті түрде жеңеміз" деп айтты.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазір елде карантин талаптарын қатаң сақтап, өміріміз бен денсаулығымызды сыйлау маңызды екенін еске салды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Халқымызда "Ауыр жол батаңды сынайды, ауыр іс адамды сынайды" деген нақыл сөз бар. Бұл сынақ жасқа да, жасамысқа да ауыр тиюде. Қазір карантин уақыты, адамдар әртүрлі ойларға салынып, кейбіреуі ауырып, емделіп жатыр. Қазіргі таңда біз барынша сабыр етіп, бірге болып, бір-бірімізге қолдау жасап, сынақтан аман-есен өтуді Алладан сұрасақ, қабыл етеді.

Елбасы "ел болып бірігіп, Алла қаласа, бұл сынақты міндетті түрде жеңеміз" деп айтты. Мемлекет басшысы да талай жиын өткізіп, осы мәселе аясында көп шешімдер қабылдап жатыр. Барлығымыз бірігіп, бұл сынақты да артта қалдырамыз. Тек қазір карантин талаптарын қатаң сақтап, бір-бірімізді құрмет қылу, өміріміз бен денсаулығымызды сыйлау қазір маңызды.

Қазақта той бару, тойда тілек айту, адам өмірден кеткенде топырақ салу деген дәстүр бар. Алайда қазір дәстүрге түсіністікпен қарап, одан да маңызды адам өмірі екеніне көңіл бөліп, адамның амандығына үлес қоссақ. Қазіргі таңда той-жиындарды тоқтатты. Адамның өмірі болғаннан кейін, өлім болады. Ондай жағдайда туыстарымен атқарып, дұғада, тілекте болсақ. Қазір бата беруді бармай-ақ, қашықтан беретін мүмкіндік бар. Сондықтан талаптарды сақтайық, - деді Бас мүфти .

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: