Жаңалықтар тізбегі
0

Журналист Жолдасбек Дуанабай қайтыс болды

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2020 22:56 facebook.com
Қазақ журналистикасы ауыр қазаға ұшырады.

Саналы ғұмырын қазақ руханиятының, қазақ журналистикасының дамуына арнаған танымал журналист Жолдасбек Дуанабай дүниеден өтті, деп хабарлайды zakon.kz "Жас Алаш" газетіне сілтеме жасап.

Қаламы жүйрік, сөзі өткір, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған журналист қай тақырыпты қаузап жазса да, айтар ойы халықпен үндес болды. Қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан Жолдасбек Дуанабай досқа адал, кішіге қамқор болған азаматтық болмысы бір төбе еді. Елдің жайын үнемі електен өткізіп отыратын ол бар ғұмырын журналистикаға арнады.

Жолдасбек Дуанабай бірнеше жыл қазақ басылымдарына елеулі еңбек сіңірді. Республикалық "Айқын", "Жас қазақ" газеттерінің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.

Еңбек жолын "Лениншіл жастан" бастаған ол соңғы алты айда "Жас Алаш" газетінде жауапты хатшы қызметін атқарды.

Қай жұмысты да жауапкершілікпен атқара жүріп, шығармашылық ізденістерін ешқашан тоқтатқан емес. Қарымды қаламгердің басылым беттерінде жүргізген арнайы айдарларын оқырман жылы қабылдап, оның еңбегі мемлекет тарапынан ескеріліп, арнайы марапаттарға да ие болды.

Жолдасбек Дуанабайдың ел тәуелсіздігін жариялап, кем-кетігін түгендей бастағанда тілімізді, мәдениетіміз бен өнерімізді, салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, насихаттауға қаламының күшімен-ақ көп еңбек сіңірген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: