Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Сапарбаев құрылыс және жөндеу жұмыстарының мерзімдерін сақтамаған мердігерлерді сынға алды

Бердібек Сапарбаев инженерлік инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытуды, барлық жұмыстарды қатар жүргізуді тапсырды.

Сурет : zhambyl.gov.kz22 Маусым 2020, 13:28

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мониторингтік топтар мен мердігерлік ұйымдардың өкілдерімен кездесуде Тараз қаласы бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын сынға алып, нысандарды уақытылы тапсыруды жүктеді.

Ағымдағы жылы Тараз қаласында "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша жүзеге асырылып жатқан құрылыс жұмыстарының басым бөлігін жамбылдық компаниялар атқаруда. Дегенмен жұмыс тиісті қарқында орындалып отырған жоқ.

Облыс орталығының әкімі Айтқазы Қарабалаев құрылысшылардың тап болып отырған кедергілері туралы айтып, түсіндіруге тырысты.

- Кейбір мердігерлер бірден бірнеше жобаларға жауапты болғандықтан, жұмыс күші мен техникалардың жетіспеушілігі туындауда. Жалпы, Таразда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жалпы сомасы 15 млрд.-тан астам теңгеге 389 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. 361 жоба бойынша жеңімпаз анықталған. Қалған 28 жобаның 26-сы оңтайландыру үшін мемлекеттік ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынылды,-деді қала әкімі.

Бердібек Сапарбаев жоспарланған барлық жобалардың іске асырылуы керектігін атап өтті.

- Жобалардың санын азайту – жағдайдан шығудың жолы емес. Іске асырылмаған жобаларды жаңа жобалармен ауыстырмаңыздар. Басталған іс аяғына дейін жетуі тиіс. Сондай-ақ, басты талап – жұмыс сапасы болып қалатынын ұмытпаңыздар, - деді ол бөлінген ақшаны уақытылы игеріп, нысандарды мерзімінде тапсыруды ескертіп.

А.Қарабалаевтың айтуынша, 213 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 29 нысанның құрылысы аяқталды. Барлығы 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олардың жартысы жұмыспен қамту орталығы арқылы қамтылған.

Жоспарланған 5,6 мың жаңа жұмыс орнын ашу ісі жұмысын уақытылы бастамаған 17 компанияның сылбырлығынан кешігіп отыр. Бұл туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков айтты.

Мәселен, 19 көшені жөндеу, үш су құбырын ауыстыру жұмыстарының мерзімі кешіктірілуде десек, 17 ауланы абаттандыру жұмыстары әлі күнге аяқталмаған. Жиынға қатысқан аталған компаниялардың өкілдеріне Бердібек Сапарбаев кестеден ауытқуға болмайтынын ескертті.

- Мердігерлер уәдесіне тойдық. Сөзден нақты іске көшетін кез келді, - деп жауап берді аймақ басшысы.

Жөндеу-құрылыс жұмыстарының, санитарлық тазалық пен облыс орталығының абаттандырылуын бақылау жөніндегі 11 мобильді топ жетекшілері де іске асырылмаған жобалар туралы тоқталып өтті.

«Казфосфат» ЖШС-нің бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Мұқаш Ескендіровтің айтуынша, Т.Рысқұлов көшесінде құрылыс жұмыстары баяу жүруде десек, «Мыңбұлақ» ықшамауданында шағын футбол алаңын салу жұмсысы әлі басталмаған.

Бердібек Сапарбаев инженерлік инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытуды, барлық жұмыстарды қатар жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, қала сыртында орналасқан елді мекендерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін арнайы Жол картасы дайындалатын болды.

Кеңесті қорытындылай келе, аймақ басшысы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» пандемияға қатысты дағдарыс кезіндегі басты мәселе болып табылатын – жұмыссыздықты азайтуға үлкен септігін тигізетінін атап өтті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер