Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Түркістан облысында 25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Істердің 148-і өндіріспен аяқталып, оның 62-сі сотқа жолданған.

Сурет : Арайлым Тастемір8 Шілде 2020, 14:27

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай 2020 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша брифинг өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Баспасөз жиынында ағымдағы жылдың 6 айында Департаменттің Тергеу басқарамасының өндірісінде 257 қылмыстық іс болғандығы, оның ішінде 154-і Агенттіктің Түркістан облыстық департаментімен тіркелгендігі атап өтілді.

Брифинг барысында өндірісте болған істердің 148-і өндіріспен аяқталып, оның 62 ісі сотқа жолданғандығы баяндалды.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихаты кезінде әрбір аяқталған істер бойынша алдын алу шараларын күнделікті жүргізудің арқасында ҚР ҚПК-нің 200 бабына сәйкес, заң бұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыныстарды енгізу көрсеткіші 100%-ға жеткендігі атап көрсетілді.

Атап айтқанда, биылғы жылдың 6 айында 59 ұсыныс жолданып, оның 40-ы қаралып, 25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершіліктерге тартылған.

Баспасөз жиынында Департамент басшысының бірінші орынбасары мекеме ұжымының қатысуымен - 21, ал басшылардың қатысуымен - 11 ұсыным қаралғандығын тілге тиек етіп, сотқа жолданған қылмыстық істер бойынша ұсыныстардың барлығы толық мемлекеттік органдарға жолданғанын жеткізді.

Бұдан бөлек, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қағидасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен 7 тұлғаға 1,3 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілгенін алға тартып, Агенттіктің 1424 Call орталығына Түркістан өңірінен хабарласқан 73 азаматтың берген ақпараты арқылы жедел әрекет ету амалдары жүргізіліп, нәтижесінде 5 тұлғаның заңсыз әрекеті үшін қылмыстық іс қозғалғандығы атап өтілді.

Брифингті қорытындылаған М.Қарғабай сөз соңында бүгінгі күні Департамент пен "Түркістан - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі және облыстық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, ҚР ҰЭМ "Бәсекелестікті қорғау және дамыту" Түркістан облысы бойынша департаментінің және облыстық "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен құрылған арнайы жұмыс тобы дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі мен бағаның тұрақтылығына кешенді мониторинг жұмыстарын жүргізуді бастағанын хабарлап, дәріханалардағы дәрі-дәрмек құнының күрт өсуін байқаған өңір тұрғындарына 109, 102 және 8 776-837-09-00 нөмірлері арқылы хабарлауға болатындығын жеткізді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер