Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Ауыл тұрғыны үйінен заңсыз дәріхана ашып алыпты

Қолдан жасалған "дәріхана" сөресінде дәрі-дәрмектің кез-келген түрін табуға болатыны белгілі болды.

Сурет : Алматы облысы ПД баспасөз қызметі9 Шілде 2020, 12:28

Кеше кешке жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері заңсыз дәріхананың қызметін әшкерелеп, Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы Алтынемел ауылындағы жеке үйлердің бірінде дәрі-дәрмек сатылатынын анықтаған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында ауыл тұрғынының үйінде заңға қайшы қызмет көрсетілген. Қолдан жасалған "дәріхана" сөресінде дәрі-дәрмектің кез-келген түрін табуға болатыны белгілі болды.

Заңсыз дәріхана қызметін 63 жастағы әйел ұйымдастырған. Бұл қызметпен айналысуға оның лицензиясы мен рұқсат құжаттары болмаған, яғни медициналық қызмет көрсетуге еш құқығы жоқ екені анықталды. Алыпсатар әйел аудандағы дәріханалардың бірінен дәрілерді сатып алып, ауыл тұрғындары ұсынып отырған. Тәртіп сақшылары тексеру барысында саудагердің бұған дейін қораптармен сатып алған 60 жуық дәрі-дәрмектің түрін тәркіледі.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Аталған дерек бойынша тиісті шаралар қабылданып, кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер