Жаңалықтар тізбегі
0

Әблязовтың сыбайласы делінген тағы біреу сотталып кетті

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2020 19:20 24.kz
Іс бойынша тергеу кезеңінде 800 млрд теңгеден астам сомаға залал өтелді.

Халықаралық іздеуден өз еркімен келген М.К. Әблязовтың ұйымдасқан қылмыстық топтағы тағы бір сыбайласы Марат Әуесқановқа қатысты Алматы қаласының №2 Медеу аудандық сотының айыптау үкімі шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Әуесқанов заңсыз несиелендіру арқылы банктің қаражатын жымқыруда қылмыстық қауымдастық қолданған "KBG Agro" ЖШС-нің номиналды құрылтайшысы және директоры болған.

Сот Әуесқановтың ерікті түрде келуін, кінәсін толық мойындауын, тергеумен белсенді ынтымақтастығын және елеусіз рөл атқарғанын ескере отырып, оған 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Негізгі айыпталушының тапсырмасы бойынша Отанға оралған жағдайда қамауға алу және ұзақ мерзімге түрмеге отырғызу желеуімен Әуесқановқа, сонымен қоса жасырынып жүрген өзге тұлғаларға қатысты қорқыту мен қоқан-лоққы көрсету түрінде кедергілер ұйымдастыруына байланысты, Әуесқанов ұзақ уақыт бойы жалған құжаттарды қолданып, күнкөріс қаражатынсыз және жақын туыстарынан алшақта шетелде жасырынып жүрген.

Сонымен қатар, тергеудің барлық кезеңінде Әуесқанов ешқайда кетпеу туралы қолхат негізінде тиісті мінез-құлықпен бостандықта жүрді. Жоғарыда айтылғандай, сот оған шартты түрдегі жаза тағайындады.

Әуесқанов іздеуден өз еркімен оралуға шешім қабылдаған алғашқы адам емес екенін еске саламыз.

Соңғы уақытта іздеуде жүрген 11 тұлға оралды. Олардың ішінде БТА топ-менеджерлері, Әблязовтың ең белсенді сыбайластарының бірі – Жақсылық Жарымбетов, Сәдуақас Мәмеш (Несие комитетінің төрағалары), Қайрат Садықов (Несие департаментінің директоры) және Артур Трофимов (Әблязовтің бақылауындағы "ИПГ Eurasia", "Евразия Сити" және "Славинвсетбанк" компанияларының директорлар кеңесінің төрағасы) бар.

Олардан алынған түсініктер, өз еркімен берілген мәліметтер мен құжаттар БТА Банкінің ғана емес, сонымен қоса басқа да шетелдік қаржы мекемелерінің қаражатын жымқыру бойынша жаңа қылмыстарды анықтауға көмектесті.

Сот кінәларын толық мойындауын және көмек көрсеткендерін ескере отырып, оларға да шартты жаза тағайындады.

Іс бойынша тергеу кезеңінде 800 млрд теңгеден астам сомаға залал өтелді.

Әблязовты қосқанда, халықаралық іздеуде жүрген 16 күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Олардың кейбірі 10 жылдан астам уақыт іздеуде жүр. Оның ішінде тағы 3 күдікті Қазақстанға өз еркімен оралуды жоспарлауда. Олардың оралуына көмек көрсетуге қажетті барлық шаралар қабылдануда.

Сонымен қоса, іс бойынша халықаралық тергеу тапсырмаларын шығару арқылы 50-ден астам елдің құзыретті органдарымен тығыз өзара әрекеттестік жүзеге асырылуда, оның ішінде 12 елдің құқық қорғау органдары Әблязовтың қылмыстық қауымдастығына қарсы жеке тергеулерін бастады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: