Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік органдарға автокөлік және жиһаз сатып алуға 3 жылға тыйым салынды

kiastore.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2020 19:45 kiastore.com
Қазір шенеуніктер жаңа бюджет жасап жатыр.

Қазақстан үкіметі бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға 2023 жылға дейін автокөлік және жиһаз сатып алуға тыйым салды. Бұл туралы республиканың қаржы министрлігі хабарлады.

2020 жылы жеңіл автокөлік және кеңсе жиһазын алуға жоспарланған 532,8 млрд теңге ($1,2 млрд) коронавируспен күресуге, кәсіпкерлер мен азаматтарды қолдауға аударылады.

Қаржы министрлігі үш жылда 6,4 трлн теңге ($15,6 млрд) үнемдеуді көздеп отыр. Қазір шенеуніктер жаңа бюджет жасап жатыр.

Орталық Азияның барлық елдері көктемнен бері экономикалық дағдарысты бастан өткеріп жатыр. Бұған коронавирус пандемиясы мен карантин себеп болды. Экономистер коронавирус салдарынан туындаған экономикалық проблемаларды Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең күрделі дағдарыс деп болжайды.

Қазақстандағы экономикалық жағдайдың ауырлығы ең әуелі мұнайдың әлемдегі бағасының төмендеуіне байланысты болып отыр. Коронавирус пандемиясына байланысты мұнайға сұраныс күрт төмендеді. Бюджетті толтыру үшін Қазақстан билігі сыртқы нарықтан 3 млрд доллар қарыз салып, Ұлттық қордағы ақшаны қолдануды көздеп отыр.

Халықаралық валюта қоры биыл Қазақстанның экономикасы 2,5 пайызға қысқарып, жұмыссыздық деңгейі 7,8 пайызға артады деп болжады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: