Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда ауруханаларға дәрі-дәрмектер жеткізетін штаб құрылды

pikabu.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2020 18:40 pikabu.ru
Арнайы штаб тәулік бойы жұмыс істейді.

Алматыға дәрі-дәрмектерді уақтылы жеткізу қажеттілігіне байланысты қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен қаланың стационарлық ауруханаларын қажетті дәрі-дәрмектермен және басқа құралдармен қамтамасыз етуге арналған тәулік бойы қызмет ететін арнайы штаб құрылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеді.

Алматыдағы ауруханаларда жататын орындардың кеңеюіне байланысты стационарлық ауруханалардағы пациенттер саны, сонымен қатар дәрі-дәрмектерге деген қажеттілік артты.

"Осыған байланысты әкімдіктің бастамасымен тәулік бойы ауруханаларға дәрі-дәрімектер, тұрмыстық заттар мен ауыз су жеткізетін арнайы штаб құру туралы шешім қабылданды", — деді Сапарбек Тұяқбаев.

Сондай-ақ, ол стационарлық ауруханаларда дәрі-дәрмектерді дәрігердің нұсқауымен тегін тарату жүзеге асырылатын дәріханалар бар екенін атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: