Жаңалықтар тізбегі
0

Елбасы Нұр-Сұлтан мен Алматыда медициналық орталықтар салуды тапсырды

elbasy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2020 22:53 elbasy.kz
Бұл Қазақстанның келешек ұрпақтарын болуы мүмкін қауіп-қатерлерден сақтауға мүмкіндік беруі тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесу барысында Елбасы қазіргі экономикалық дағдарыстың Қордың барлық компанияларына дерлік әсер еткенін атап өтті.

Ахметжан Есімов берген ақпаратқа сәйкес, Қордың компаниялар тобы персоналды қысқартуға жол бермеді, кәсіпорындардың барлығы жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы отандық денсаулық сақтау жүйесін қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстары туралы есеп берді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның елдегі коронавирус індетімен күреске кеңірек қатысуы қажеттігін атап өтті.

Қорды басқару жөніндегі Кеңес төрағасы ретінде "Самұрық-Қазынаның" ішкі резервтерінен Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында екі медициналық орталық құрылысына қаражат бөлуді тапсырамын. Ол орталықтар елдің ғылыми-зерттеу әлеуетін біріктіруге арналады. Бұл Қазақстанның келешек ұрпақтарын болуы мүмкін қауіп-қатерлерден сақтауға мүмкіндік беруі тиіс. Үкімет пен әкімдер бұл бастаманы қолдайды деп сенемін, деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті коронавирус инфекциясынан қайтыс болған азаматтардың отбасыларына тағы да көңіл айтып, қазақстандықтарды қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: