Жаңалықтар тізбегі
0

Мәдениет министрлігі Әсеновты алдап соқты – киногерлер Тоқаевқа хат жазды

Қазақфильм, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2020 21:44 Қазақфильм
А.Әсенов "Қазақфильмнің" президенті қызметінде бар болғаны 9 ай ғана отырды.

Асанәлі Әшімов бастаған бір топ киногерлер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Өзіңізге мәлім, елдің кино қауымдастығында жікке бөлінушілік болып жатыр. Бір жылдан бері дау-дамай мен текетірестер басылмай келеді.

Кәсіби киногерлер дау-дамайдан арылмай отыр. Нағыз шығармашылыққа орын қалмады. Біз мұның бәрі осы сала министрлігінің ойланбай жасаған әрекеттерінің салдары деп санаймыз.

2019 жылдың наурызында, "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КАҚ құрылып, оған республикалық кино өндірісінің барлық негізгі мәселелерін шешу құзыры берілді.

Ақырында "Қазақфильм" Ұлттық киностудиясына қажетті назар аударылмай қалды, ал Сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігі Ұлттық киноны қолдау орталығының жетекшілеріне қарсы қылмыстық іс қозғады. Оның қалай аяқталатыны әзірге белгісіз, тергеу жалғасып жатыр. Десе де осының өзі нағыз сорақылық болып отыр.

"Қазақфильм" Ұлттық киностудиясына келер болсақ, өткен жылдың тамыз айында оған президент болып А.Т. Әсенов тағайындалған болатын. Жарты жыл да болмай, ҚР. Мәдениет және спорт министрінің А. Әсеновті қызметінен босату туралы бұйрығы шықты.

Министрліктен тыс кәсіби қоғамның араласуымен министрдің ол шешімі жоққа шығарылған. Алайда, А. Әсеновті қызметінен босату туралы бұйрық қайтадан шығып, бұл жолы оған алдап қол қойдырды.

9 маусым күні А.Т. Әсенов мырза және киностудияның басқарушы директоры Қ.Ә. Төребаймен бірге Нұр-Сұлтанға шақырылып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі оларға басқа жұмысқа ауысатынын хабарлады.

Демек А. Әсенов Ұлттық киноны қолдау орталығының төрағасы, ал Қ. Төребай "Қазақфильм" киностудиясының президенті болып тағайындалатынын мәлімдеген. Ешбір күмәндері болмаған А. Әсенов пен Қ. Төребай арыз жазып, Алматыға ұшып кеткен.

Бір ай үнсіздіктен кейін, "Қазақфильм" президенті болып режиссер Ақан Сатаевты тағайындап отыр.

Біз А. Сатаев мырзаға еш қарсылығымыз жоқ. Алайда Мәдениет және спорт министрлігі қызметкерлері тарапынан қызметтік этика өрескел бұзылып отыр.

А. Әсенов "Қазақфильмнің" президенті қызметінде бар болғаны 9 ай ғана отырды. Осындай қысқа мерзім ішінде, оның үстіне, министрлік тарапынан еш қолдау болмай отырғанда, қандай да бір нәтижеге қол жеткізу мүмкін бе?

А. Әсенов та, Қ. Төребай мырза да ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, олар кино саласына бар өмірлерін сарп еткен, кәсіби ортада өте беделді азаматтар, оларға осындай қарым-қатынас таныту дұрыс па?

Мәдениет министрлігі жауапты қызметкерлерінің мұндай әрекеттері жүйелі түрде орын алып отырғанына назар аудартып, киногерлерді екі топқа бөлу әрекеттерінің салдарынан бұл салада дау-дамайлар өршіп тұрғанын айтқымыз келеді.

Жақында Қазақстан Киногерлер одағының төрағасы Ермек Тұрсынов, осы кино саласындағы проблемаларға жеке-жеке тоқталған болатын. Бұл мәселеге ол өз атынан ғана емес, шығармашылық одақтың атынан назар аудартуға тырысқан. Десе де билік құрылымдары тарапынан ешқандай реакция болмады.

Президент мырза! Бұл мәселелер тек отандық кино саласына ғана емес, бүкіл Қазақстан мәдениетіне қатысты болғандықтан, өзіңіздің тікелей араласуыңызды сұраймыз.

Құрметпен,

ҚСРО Халық артисі, ҚСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек ері Асанәлі Әшімов

Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Нұржұман Ықтымбаев

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек сіңірген қайраткері, Сатыбалды Нарымбетов

"Қазақфильм" АҚ директорлары кеңесінің мүшесі Есетжан Қосубаев

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Болат Қалымбетов

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Жастар одағы сыйлығының иегері Рүстем Әбдірашев

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Анар Қашағанова

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Тасболат Мерекенов

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Санжар

Кинорежиссер Абай Қарпықов

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: