Жаңалықтар тізбегі
0

Өмірзақ Шөкеев карантин шектеулерінің қатаң сақталуын тексерді

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2020 23:12 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Мәдениет нысандары мен мұражайлар жабылды. Мектепке дейінгі барлық балалар мекемелерінің қызметі тоқтады.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде карантин кезіндегі санитарлық талаптардың қатаң сақталуын тексеріп, Түркістан қаласындағы бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы жауапты сала басшыларына COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында карантинді шектеу шараларын қатаң сақтауды қамтамасыз етуді тапсырды. Әсіресе шаһардағы құрылыс алаңдарында күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс істеуді талап етті. Облыс басшысы құрылыс жұмыстары барысында болып, ондағы карантин шектеулерінің катаң сақталуын тексеріп шықты.

Облыс аумағында бетперде кию тәртібі сақталады. Күшейтілген шектеулерді сақтай отырып, қонақ үйлер мен санаторийлерді қоспағанда, туризм нысандары мен бассейндер, жағажайлар, аквапарктер қызметіне тыйым салынған. Өңірде монша және сауналардың жұмысы тоқтатылды.

Мәдениет нысандары мен мұражайлар жабылды. Мектепке дейінгі барлық балалар мекемелерінің қызметі тоқтады.

Сонымен қатар, азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар, автомобиль, киім-кешек, мал базарлары мен адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың жұмысы тоқтатылды.

Сұлулық салондары мен шаштараз қызметіне тыйым салынды. Діни объектілердің жұмысы тоқтатылды. 65 жастан асқан адамдарға аса қажетсіз көшеге шығуы шектеліп, 14 жасқа дейінгі балалардың ересектерсіз жүруіне болмайды. 3 адамға дейін көшелерде, саябақтарда, алаңдарда, субұрқақтарда, жағалауларда, скверлерде халықтың жүруі шектелді. Қалааралық, ауданаралық жолаушылар тасымалы тоқтатылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: