Жаңалықтар тізбегі
0

Айбек Нұғымаров коронавирус науқастарға донор болуға келісіп, қан тапсырды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2020 18:38 ҚазАқпарат
Қалалық ақпарат орталығы Семей қаласының Қан орталығында COVID-19-ға антиденесі бар иммундық плазма даярлау үшін донорлар тізімі жасалып жатқанын хабарлады.

Семей қаласында коронавируспен ауырып шыққан білім мекемелерінің басшылары иммундық плазма доноры болды. Олардың арасында электртехникалық колледж директоры Азат Сарпеков пен көлік колледжінің директоры, қазақша күрестен әлемнің үш дүркін чемпионы, "Әлем барысы" жарысының екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаладағы екі жетекші колледждің директорлары қауіпті дерттің барлық ауыртпалығын бастан өткізіп, коронавирусқа шалдыққандарға қол ұшын созып, онымен күрес жолына түспек болғандары жайлы баяндады.

"Дәрігерлердің арқасында аурудан толық жазылып шықтым. Бүгінде плазма доноры болу мүмкіндігі бар. Коронавируспен ауырған адам ретінде басқа адамдарға көмектесуге дайынмын. Менің қаным біреудің сауығып кетуіне көмегін тигізсе, тек қана қуанамын", - деп атап өтті А.Сарпеков.

Қалалық ақпарат орталығы Семей қаласының Қан орталығында COVID-19-ға антиденесі бар иммундық плазма даярлау үшін донорлар тізімі жасалып жатқанын хабарлады. Иммундық плазма – адам қанының қандай да бір инфекциялық агенттерге қарсы антиденеден құралған бөлігі. Мысалы, коронавирус инфекциясымен ауырған адамдардың плазмасында бұл аурумен күресуге көмектесетін антидене бар. Коронавируспен ауырған адамдардың иммундық плазмасын қайта құю кезінде реципиентте пассивті иммунитет қалыптасып, оған бұл дертпен күресуге көмектеседі. Коронавируспен ауырғандардың бәрі бірдей иммундық плазма доноры бола алмайды. Плазманы даярлау үшін коронавирус инфекциясына антидене жеткілікті адамдар ғана донор бола алады. Иммундық плазманы қайта құю науқастарды емдеу және сауықтыру процесін жылдамдатады.

Еске сала кетейік, Семей көлік колледжінің директоры, Қазақ күресінен әлем чемпионы, "Әлем барысы" турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров коронавирус жұқтырған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: