Атырауда қара түтінмен ұшқан ұшақ туралы түсінік берілді

22 Шілде 2020, 13:23
Сурет: Pixabay

Авиация мамандары бұл жағдайға қатысты өз пікірлерін білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде Атырау әуежайынан ұшқан әуе кемесінің видеосы жарияланған болатын. Онда ұшақ артынан шыққан қара түтінді байқауға болады.

Жергілікті әуежайдың инженерлік-авиациялық қызметінің бастығы Андрей Кимнің айтуынша, кеше түстен кейінгі уақытта әуежайдан АН-12 жүк ұшағы ұшқан.

- Ұшу режимінде қоспаның әдеттегі байытылуы орын алып, соның нәтижесінде шығарынды пайда болған. Бұл қалыпты жағдай.Кеңестік өндірістің барлық дерлік ұшағы осындай әсер береді. Ұшақ биіктіктегі номиналды режимге түскеннен кейін, қара түтін жоғалады. Сондықтан алаңдайтын себеп жоқ, - деді Андрей Ким.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?