Алматы облысында мал ұрлығы 31 пайызға төмендеді

22 Шілде 2020, 13:39
Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Биыл Алматы облысында тәртіп сақшылары биыл өзгенің мүлкін ұрлаған 2000 жуық тұлғаның әрекетін әшкерелеген, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1952 тұлғаның өзгенің мүлкін ұрлағаны анықталған. Олардың ішінде ұрлықты кәсіп қылған кәнігі қылмыстық топтардың мүшелері де бар.

"Ұрлықтарды ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары барысында биыл 59 қылмыстық топтың жолы кесілді. Олардың 189 ұрлық дерегіне қатысы бары дәлелденді", - деп атап өтті Алматы облысы Криминалдық полиция басқармасының орынбасары полиция подполковнигі Дәурен Сәкенов.

Полиция өкілінің айтуынша, облыс аумағында биыл 48 мал ұрлығын жасаған 15 барымташылар тобы қолға түскен. Олар жасаған қылмыстардың 27 дерегі ауыр қылмыстар санатына жатқызылған.

"Биыл мал ұрлығы дерегі 31 пайызға төмендеді. Полицейлер барымташылардың жетегінде кеткен 823 бас малды тауып, заңды иелеріне қайтарды. Бұған дейінгі жылдары жасалған мал ұрлығына қатысы бар 80 қылмыстың мән-жайы анықталды", - деді полиция подполковнигі Дәурен Сәкенов.

Айта кету керек, мал ұрлығының алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары мал және ет өнімдерінің тасымалына қойылатын талапты да қатаңдатқан.

Алматы облысында биыл тиісті құжатсыз мал және ет өнімдерін тасымалдаудың 40 дерегі анықталып, жүргізушілерге 850 мың теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?