Ақтау қаласы әкімінің орынбасары жаңадан тағайындалды

22 Шілде 2020, 14:34
Сурет: instagram.com

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып Әбдіқадіров Мәлік Сейілханұлы тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Мәлік Сейілханұлы 1978 жылы туған.

Жоғарғы білімі:

1999 жылы Қайнар университетін, 2011 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін Мұнай-газ ісі мамандығы бойынша бітірді. Сонымен қатар, 2011 жылы Абердин университетін бітіріп, магистр дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1999 жылы Бейнеу облысы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған, 2014 жылдан бастап облыс прокуратурасында түрлі қызметтер атқарған. 2014-2015 жылдары "Лукойл Оверсиз" компаниясының "Батыс-Курина-2" жобасының әкімшілік менеджері, 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Маңғыстау облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары, департамент басшысы, Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департамент бастығы болды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?