Атырау облысында кәсіпорын директорының орынбасары 4,7 млн теңге жымқырды

22 Шілде 2020, 16:02
Сурет: otyrar.kz

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ЖШС директорының орынбасарына қатысты ҚР ҚК-нің 189-б. 3-б. 1-тармағы бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш тұлға өз қызметтік бабын пайдаланып, "Индер көпбейінді ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК-ның оқу ғимаратын күрделі жөндеуге бөлінген 4,7 млн.теңге сомасындағы бюджеттік қаражатты жымқырған.

Күдіктінің кінәсі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жинақталған дәлелдемелермен дәлелденіп, келтірілген шығын сомасы Атырау облысының Сот сараптамасы институтымен расталды.

Индер аудандық сотының үкімімен кәсіпорын директорының орынбасары кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Құрметті азаматтар! Егер Сізде бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсау, жымқыру деректері туралы ақпарат болған жағдайда, Комитеттің – 8 (7172) 70-84-78, Атырау облысы бойынша ЭТД – 8 (7122) 35-42-10 сенім телефондары арқылы хабарласыңыз.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?