Онлайн өтетін сот отырыстарында заңсыздықтар орын алуда

23 Шілде 2020, 15:37
Сурет: видеодан кадр

Сан салаға шектеу қойылғанымен азаматтар арасындағы дау тыйылған жоқ. Сондықтан сот процесстері де қашықтан өткізіліп жатыр. 4 айдай уақыт ішінде тек Елордада әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, аппеляциялық істерді қоса айтқанда, 22 мыңнан аса іс қаралған екен. Сапасына көңілі толмай жатқандары да бар. Маңызды куәгерлер де нақты жауаптан жалтарып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Ермұрат Омаров жеке фирмада көлік жүргізушісі қызметін атқарады. Сәуір айында жол апатына түсіп, ісі сотқа жеткен. Өзінің кінәсіз екеніне сенімді болған. Бірақ қозғалып келе жатқан көлікті емес, жиекте тоқтап тұрғанын соқтың деп, шешім шығарылыпты. Нәтижесінде айыппұл төлеп, қызметтік машинасын өз қаражатына жөндеуге мәжбүр. Ол 600 мың теңгенің айналасы. Сөзінше, онлайн процесс болғандықтан, өз уәжін толық жеткізе алмаған.

Ермұрат Омаров, қала тұрғыны:

"Көзқарасымды жеткізе алмадым. Ыңғайсыз өте. Оффлайн болса, мүмкін, мүмкін емес, оффлайн болса, мен нақты дәлелдерімді өз порзициямды айтушы едім. Бірнеше процесс болды менде. Сосын аппеляционный сот болды. Оған да бердік жалоба. Онда мүлдем 6 минут болды. Оставить без изменения деп айта салды болды".

Жандос Тұяқов, адвокат:

"Қылмыстық істер көбінесе Турункофф арқылы қосылып отырады. Бірақ та бұл ыңғайсыз. Процесстің басталуына дейін, ортасында үзіліп кетеді. Сонымен бір сағат болатын процесс 4-5 сағатқа созылып кетуі мүмкін".

Адвокат Жандос Тұяқов процесстер онлайн өте бастағалы куәгерлерден жауап алу қиындады, дейді. Трибунада тұрғанның қас-қабағын бақылап, сұрақ қою мен, экранның ар жағында тұрған жанмен сұхбаттасу екі түрлі дүние.

Жандос Тұяқов, адвокат:

"Мысалға, сіз сұрақ қойып жатырсыз. Мен сол сұрақтың жауабын нақты қазір жауап бере алмайтын болсам, байланысқа сылтау таға салып, шығып кетіп, дайындалып, немесе басқа біреуден сұрап, ақыл-кеңес сұрап қайтадан кіріп жататын жайлар боп жатады. Осы жағынан".

Айбек Амангелдин, Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының судьясы:

"Сіз қазір маған осы жерде жеткіздіңіз не, немесе қашықтықтан жеткіздіңіз не нәтижесі бір. Өйткені ақпарат бір. Уәж бір. Одан ештеңе өзгермейді ғой. Zoom программасы арқылы қосамыз тараптар көп, үлкен істер бойынша. Егер оларда ол программа орнатылмаған жағдайда біз екінші WhatsApp қа қосып, тыңдаймыз. Оның алдында біз тараптардан сұраймыз сіздерге қалай дыбыс сапасы, барлығы естіп отырсыздар ма, естіп отырған жоқсыздар ма. Естілмеген жағдайда біз оларға көмектесеміз".

Кез келген жерде отырып, процесске қатысу уақыт жағынан ыңғайлы екенін барлығы мойындап отыр. Тіпті, кей санаттағы істерді үнемі онлайн түрде өткізуге болатынына сенімді.

Дегенмен, адвокат Жандос Тұяқов қылмыстық істерді ретсіз созуға я болмаса, кейінге шегеруге болмайды, дейді. Өйткені абақтыда үкімін күтіп отырғандар уақыт жоғалтуы мүмкін екенін айтады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?