Татарстаннан келген дәрігерлер Көкпекті мен Тарбағатай аудандарына аттанды

23 Шілде 2020, 17:28
Сурет: altaynews.kz

Бүгіндері ШҚО-ның Көкпекті және Тарбағатай аудандарында күрделі эпидемиологиялық жағдай сақталып тұр. Осыған байланысты 3 күнге Семей дәрігерлері мен Татарстаннан келген мамандар осы өңірге аттанбақ, деп хабарлайды altaynews.kz.

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

- Көкпекті және Тарбағатай аудандарында күрделі эпидемиологиялық жағдай сақталуда. Ол жаққа үш күнге Семей дәрігерлері мен Татарстаннан келген мамандар аттанады. Аудан ауруханалары барлық қажетті жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Әлеуметтік желілерде пайда болған оттегінің жетіспеушілігі туралы ақпарат шындыққа сай емес. Ал дәрігерлер өздерін қорғай білулері керек. Адамдар дәрігерге ренжіп, бүкіл жүйеге әлеуметтік желілерде кір келтіруде. Бұған жол бермеу керек, - деп атап өтті Даниал Ахметов.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?