Сәтпаевта халық көшеге шықты. Полиция түнде аяғынан тік тұрды

24 Шілде 2020, 09:25
Сурет: Polisia.kz

Сәтпаев қаласында кешке қарай 5 жасар қыз бала жоғалып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Полицейлер мен еріктілердің күшімен қыз бала белгісіз ер адаммен бірге көпқабатты үйлердегі пәтердің бірінен табылды. Күдікті қазір қамауда, бала ауруханада тексерілуде.

Баланы іздеуге қатысқан топ пен оларға кейін қосылған жергілікті тұрғындар әлгі үйдің алдына жиналып, өз қолымен жазалау үшін күдіктіні беруді талап еткен.

Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін құқық қорғау күштері жұмылдырылды.

Қарағанды ​​облысының полиция басқармасы қоғамдық тәртіпті және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?