Сәтпаевтағы жағдай: Адам ұрлау және зорлау фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр

24 Шілде 2020, 11:31
Сурет: ҚР ІІМ

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтпаевта өткен түндегі оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

23 шілдеде Сәтпаев қаласының полициясына 5 жасар қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Министрдің айтуынша, жедел-тергеу тобы құрылып, іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Оған жергілікті полиция бөлімінің барлық қызметкерлері мен волонтерлер қатысты. Бірнеше сағаттан кейін бала көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен табылып, дәрігерлерге тапсырылды. Күдікті сол пәтерде қамауға алынып, полицияға жеткізілді.

- Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды. Оның әрекеті ҚР Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша: "Адам ұрлау" және "Кәмелетке толмаған баланы зорлау" бойынша айқындалды, - деді ІІМ басшысы.

Айта кетейік, оқиға орнына жиналған қала тұрғындары бұл бассыздыққа үдере көтеріліп, өз наразылықтарын білдірді.

- Кейбір адамдар бұзақылық әрекет жасауға, мүлікке қасақана залал келтіруге тырысты. Полиция бұл әрекеттердің бәрінің алдын алды. Қазіргі уақытта қаладағы жағдай тұрақты, жағдай бақылауда. Ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша шараларды қабылдады, деп толықтырды Тұрғымбаев.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?