Алакөл жағалауында өздігінен демалушыларға тыйым салынды

24 Шілде 2020, 12:47
Сурет: inbusiness.kz

Үшарал қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Әбікенов Алакөлдің жабдықталмаған жағажайларына демалуға тыйым салатын қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Туристік орталықтардан, демалыс үйлерінен, курорттық санаториден алдын ала орын брондаған азаматтардан басқа адамдарды Алакөл көлінің жабдықталмаған жағажайларына өздігінен жүруге тыйым салынады", делінген қаулыда.

Көлге апаратын жолдарға блок-бекеттер қойылып, онда күнделікті кезекшілер тұрады. Жарлық 24 шілдеде өз күшіне енді. Шығыс Қазақстан облысы жағында Алакөлге демалуға толықтай тыйым салынған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?