Бала омбудсмені Сәтпаевтағы жағдай туралы: Бұл іс біздің де бақылауымызда

24 Шілде 2020, 14:27
Сурет: neonomad.kz

Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен Аружан Саин Сәтпаев қаласындағы бала ұрлау фактісі бойынша тергеуді қадағалап отыратындарын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мен Сәтпаев қаласындағы жағдайға байланысты баланың анасымен телефон арқылы үнемі байланысып отырмын. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Біз заңгерлік және психологиялық көмекті ұйымдастыру бойынша келесі әрекеттерімізді талқыладық. Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен ретінде мен осы мәселеге қатысты барлық жағдайды жіті қадағалап, араласып отырамын", - деп жазды ол facebook-те.

Саин бұл істі өз бақылауында ұстап отырған ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевпен де тікелей байланыста екенін айтты.

"Қазіргі уақытта біз Қарағанды ​​облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновпен байланыс орнатып жатырмыз және бұл істі бірге алып жүретін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі адвокаттың тезірек отбасымен байланысуды өтіндім. Сонымен қатар, жақсы психолог табу қажет, өйткені балалармен байланысты қылмыстарға қатысты тергеу әрекеттеріне психологтың қатысуы міндетті. Бірнеше жыл бойы біз балаларды сексуалдық зорлық-зомбылық жағдайларына қатысты істерге үнемі қатысып келеміз. Мұндай қылмыстың орын алғаны туралы естудің өзі өзгеге қиын, ал балалар мен олардың ата-аналары үшін бұл қаншалықты қиямет нәрсе екенін елестету мүмкін емес. Біз балаларға қарсы осындай қылмыс жасағандардың барлығына қатаң жаза қолданылады деп сенеміз ...", - деп сөзін қорытындылады Аружан Саин.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?