Алматыда дәрі-дәрмекті қолдан жасайтын жасырын цехтан 100 тонна күмәнді өнім табылды

24 Шілде 2020, 14:38
Сурет: 24.kz

23 шілдеде Алматыда контрафактілік дәрі-дәрмектер өндіретін жасырын цех анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қалалық экономикалық тергеу департаменті өкілдерімен бірлесіп қалада дәрі-дәрмектердің сыртқы қорабын дайындайтын баспахана, өндірілген заңсыз өнімді сақтайтын қойма, сондай-ақ күмәнді дәрі-дәрмектерді даярлайтын жасырын цех анықталды.

Нәтижесінде 100 тоннадан астам күмәнді дәрі-дәрмектер тәркіленді. Көбіне мынандай маркадағылары: Ротоцеф, Солкасерил, Регидрон Оптим, D3 Никомед, Цефамед, Цераксон, Цефазидин және т.б.

Осылайша, құқық қорғау органдары күмәнді дәрі-дәрмектерді еліміздегі көтерме және бөлшек сауда желісі арқылы заңсыз сату әрекетінің жолын кесті. Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, сараптама тағайындалды.

- Қалалық прокуратураның үйлестіруімен мобильді топтар қаладағы дәріханалар арқылы белгіленген бағадан асыра сату фактісі бойынша 109 құқық бұзушылықты анықтады, 109 адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 25 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізілген рейд аясында 1000 пакет көлеміндегі дәрі-дәрмектер алынды және 8,5 миллион дана медициналық маскалар тәркіленді, олар қаланың денсаулық сақтау мекемелеріне тапсырылды, - деді ведомствадағылар.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?