Сенат сайлауы: Әйелдердің саяси белсенділігі екі есеге өскен

24 Шілде 2020, 17:20
Сурет: ҚР Парламенті Сенаты

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев ҚР Парламенті Сенаты сайлауы кезінде әйелдердің саяси белсенділігін атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Әйелдердің саяси белсенділігі сақталып келеді. Тіркелген кандидаттардың ішінде 10 әйел бар, бұл жалпы көлемнің - 17,2%. Алдыңғы сайлау науқанымен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есеге жуық артық, - деді Берік Имашев ҚР Парламенті Сенатына кандидаттарды тіркеу нәтижелерін жариялаған отырыста.

Сенат сайлауына 58 үміткер тіркелген.

- Сонымен бір депутаттық мандатқа үш үміткер таласады. Аймақтардың ішінде ең көп кандидат Нұр-Сұлтан қаласында және Ақмола облысында тіркелді, әрқайсысынан бес адамнан түсуде.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?