Бақанаста көпбалалы отбасының үйінен велосипед ұрлаған күдікті ұсталды

24 Шілде 2020, 21:07
Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Балқаш ауданының полицейлері көпбалалы отбасының мүлкі қолды болған қылмысты "ізін суытпай" ашты. Тәртіп сақшылары көпбалалы отбасының велосипедін ұрлады деген күдікпен 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға аудан орталығы Бақанас ауылында маусымның 23-не қараған түні орын алған. Белгісіз біреу көпбалалы отбасы тұратын үйдің ауласында шынжырлап қойған велосипедті қолды қылған.

Жақында ғана ұлына сыйлыққа алып берген велосипедтен көз жазып қалған отанасы көп ойланбастан тәртіп сақшыларына хабарласып, тауып беруін сұраған.

Ұрлықты ашуға бағытталған жедел іздестіру шаралары барысында кезекшілік тәулік ішінде қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы жұмыссыз азамат ұсталды. Оның бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін бірнеше мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Күдіктінің үйіне тінту жүргізу барысында арнайы жасырынған орыннан қолды болған спорттық үлгідегі велосипед табылды.

"Ұлымның велосипеді ұрланғаны туралы полицияға арыз бердік. Өте шұғыл қимылдап, қылмысты ашып, қолды болған затымызды қайтарып берді. Кәсіби шеберлігі мен біліктіліктері үшін жергілікті тәртіп сақшыларына және облыстық басшылары алғысымыз шексіз. Елге осылай адал қызмет ете беріңіздер", - деп қуанышын жасыра алмады Балқаш ауданының тұрғыны Диана Тоқанова.

Қолды болған велосипедін тәртіп сақшыларының қолынан аман-есен қабылдап алған ойын баласы келешекте полицей болып, елге қызмет етіп, көмек қолын созатынын айтып, арманымен бөлісті.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?