Байланыс операторлары 1 тамыздан бастап Интернет тарифін қымбаттатпақ

27 Шілде 2020, 11:52
Сурет: Ашық дерекөздерден алынды

1 тамыздан бастап еліміздегі кейбір байланыс операторлары "Үйдегі Интернет" пен кабельді теледидар тарифтерін қымбаттатады. Яғни бұрыннан келе жатқан тарифтік жоспарлардың шарттары өзгереді, деп хабарлайды "Хабар-24".

Әзірге, байланыс құны қанша процентке көтерілетіні туралы нақты ақпарат жоқ.

Байланыс тарифтеріндегі өсім Ресейде де байқалады. Мұнда үйдегі интернет ақысының жылдық өсімі 15 процентке дейін жетеді.

Сарапшылардың айтуынша, каранитн кезінде тұрғындар көп уақытын интернетте отырумен өткізді. Жүктемесі ауыр контенттерді қолдана бастады. Сондықтан байланыс операторлар тиімсіз ескі тарифтердің құнын өсіру арқылы тұтынушыларды жаңа тарифтерге ауысуға итермелейді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?