"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

27 Шілде 2020, 12:30
Сурет: yvision.kz

"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Тальго" пойызының екі бағыт бойынша уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

№ 69/70 "Алматы-2 - Өскемен-1" бағытындағы пойыз Алматыдан жөнелтілуі 1 тамыздан бастап, Өскеменге келуі/жөнелтілуі 2 тамыздан бастап;

№ 51/52 "Алматы-2 - Орал" бағытындағы пойыз Алматыдан 2 тамыздан бастап, Оралдан келуі/жөнелтілуі 4 тамыздан бастап тоқтатылады.

Аталған пойыздарға билет алып қойған жолаушылар жол-пұлын толығымен қайтарып ала алады.

"Билеттер үшін төлемдерді қайтару билетті алу тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі", - делінген хабарламада.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?