Цой карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жұмсартуға болатынын айтты

28 Шілде 2020, 09:57
Сурет: Литер

Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі коронавирустың таралу көлемі туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, қатаң карантин енгізілген сәттен бастап, яғни 5 шілдеден бастап коронавирус жұқтырудың 35 951 жағдайы тіркелді, осылайша аурудың таралу қарқыны 29% төмендеді.

Күніне орта есеппен 1 600 адам КВИ жұқтыруда, ал ауруханада науқастармен қамтылған орындар 43% төмендеді. Денсаулық сақтау саласына түскен ауыртпалықтың негізгі көрсеткіштерінің төмендеуіне қол жеткізілді.

Карантиннің үш аптасында инфекцияның көбею деңгейі 1,2-ден 0,90-ға дейін төмендеді. 90% қамтылған төсек-орындар 47% -ға дейін төмендеді.

- Денсаулық сақтау жүйесіне түскен ауыртпалықтардың негізгі көрсеткіштерінің жоғарыда көрсетілген оң динамикасы карантиндік шараларды кезең-кезеңімен азайту мүмкін екенін көрсетеді, - деді Цой.

COVID-19 -ды жұқтыру мен өлім жағдайын одан әрі қарай тұрақтандыру экономиканың барлық секторларының тартылуы мен үйлесімді жұмысына байланысты.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?