Той, түнгі клуб дегенді ұмыта тұру керек. 3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

28 Шілде 2020, 10:49
Сурет: 24.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 3 тамыздан бастап елімізде бірқатар нысандардың жұмысына рұқсат етіліп отырғанын, сондай-ақ қандай нысандарға қатысты әлі тыйымның күші жойылмайтынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ары-бері жүрген адамдарға қатысты мынандай талаптар бар:

- Көшеге шығу, саябақтарда, алаңда және жағалауда қыдыру - топтасу 3 адамнан аспауы тиіс;
- Бетперде тағу, санитарлық және дезинфекциялық режимді сақтай отырып, кондукторы бар, тиеген жолаушысы 50% -дан аспайтын, белгіленген уақытты сақтаған жағдайда қоғамдық көліктердің жұмыс істеуіне (соңғы аялдамада барлық есіктердің ашып, дезинфекция жасау) рұқсат етіледі.

Сонымен бірге мынандай шараларға тыйым салынады:

- қоғамдық іс-шаралардың барлық түрлеріне, ойын-сауық мекемелерінің, кинотеатрлардың, сауда үйіндегі тамақтану алаңдарының, банкет залдарының жұмысына.

- мейрамханалар, барлар, түнгі клубтар және ойын клубтарына жұмысына;

- мәдениет нысандарының, музейлердің, конференц залдардың, көрмелердің, форумдардың;

- спорт залдарының, фитнес-орталықтардың, бассейндердің, жағажайлардың, аквапарктардың;

- діни ұйымдардың;

- қала маңындағы жолаушылар пойыздарының (электр пойыздары, жұмыс істейтін пойыздарды қоспағанда), қалааралық автобустардың (микроавтобустар) жүруіне тыйым салынады.

- Ұсынылған шараларды қатаң сақтау біздегі жағдайды тұрақтандырып қана қоймай, аурудың өсу қарқынының төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты, әзірленген тәсілдерді мемлекеттік комиссияға тапсыру үшін мұны Сізден мақұлдауыңызды сұраймын, - деді Цой үкімет отырысында.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?