Борышкерлердің ел аумағынан шығуына шектеулер алып тасталды

28 Шілде 2020, 12:53
Сурет: webinfo.kz

08.07.2020 жылы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң күшіне енді, деп хабарлайды zakon.kz.

Енгізілген өзгерістердің бірі сот орындаушыларының шығуға уақытша шектеулерді қолдануына негіз болатын борышкерлердің берешек мөлшерінің шегін 20-дан 40 АЕК-ке дейін арттыру болып табылады.
"Құқықтық актілер туралы" Заңның 43-бабының 4-тармағына сәйкес жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңнамалық актілердің кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауаптылық заңмен жойылса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады.

Осыған байланысты, облыс прокуратурасымен барлық атқарушылық іс жүргізуге талдау жасалды, олар бойынша мәжбүрлеп орындату шарасы ретінде ҚР аумағынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеулер қолданылды.

Нәтижесінде, шығуға шектеу қойылған 7 090 тұлғаның ішінде, прокурорлық қадағалау актісі бойынша, берешектің шекті мәнінен 40 АЕК-тен аспауына байланысты 1 752 борышкерден шектеу алынып тасталды.

Осылайша, аталған тұлғалардың құқықтары қорғалды және жаңа заңның талаптарына сәйкес келтірілді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?