Қазақстан президенттігіне үміткер болған ғалым 60 жасында дүниеден озды

28 Шілде 2020, 14:11
Сурет: Facebook

Қоғам қайраткері, эколог, 2011 жылы Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде сайлауға түскен Мұсағали Дуамбеков қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаралы хабарды марқұмның әйелі Facebook-тегі парақшасында жазды.

Ғалымның неден қайтыс болғаны нақтыланбаған.

Техника ғылымдарының докторы, профессор Дуамбеков Халықаралық Экология академиясының басшысы ретінде белгілі. "Халықтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеті" қоғамдық ұйымының президенті болған, сутегі отынының генераторын ойлап тауып, патенттеген өнертапқыш. Мұсағали Дуамбеков 2011 жылы өткен сайлауда Қазақстан Президенттігіне өз кандидатурасын ұсынылған болатын. Қазақ тілі емтиханынан сәтті өтіп, кейіннен өз кандидатурасынан бас тастау туралы шешім қабылдады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?