Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

28 Шілде 2020, 14:15
Сурет: Баспасөз қызметі

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Самат Данияров тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

28 шілдеде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин аппараттық отырыста денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Облыс әкімінің өкімімен бұл лауазымға Самат Данияров тағайындалды.

Ол Ақтөбе мемлекеттік медициналық институты мен С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің түлегі. Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облыстық ауруханасында қызмет етуден бастаған. Әр түрлі жылдары Қызылорда облыстық ауруханасында инспектор, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы, басқарма басшысының орынбасары, Ақтөбе облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері лауазымдарын атқарды.

2017 жылдан бастап Отбасылық медицина орталығының бас дәрігері.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?