ШҚО-дағы қатаң тәртіптегі түрмеде сотталған кісі құлпынай өсіруде

28 Шілде 2020, 15:24
Сурет: ШҚО ҚАЖ Департаменті

Сотталған - Евгений Зудин деген бейбақ екен.

Ол кісі ШҚО бойынша ҚАЖД ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде адам өлтіргені үшін бес жылдан бері жазасын өтеп келеді. Ол 13 жылға сотталған, деп хабарлайды жаңағы ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Қыста сотталған мекеменің жылыжайында "Калл" атты гүлін өсірген, осы колонияда жазасын өтеп жатқан сотталғандар әйелдеріне, аналары мен қалыңдықтарына гүл сыйлаған болатын.

Сондай-ақ сотталғандар биылғы жылы 8 наурызға колонияның әкімшілігі арқылы әйелдер колониясына гүл жолдап, жазасын өтеп жатқан әйелдерге ұмытылмас сыйлық жасаған еді.

Евгений гүлдерді өсірумен жазасын өтей отырып қыс мезгілінде жылыжайда гүл өсірумен, ал жазда құлпынай өсірумен айналысады.

"Қазір құлпынайыдың маусым. Құлпынайдың бұл түрі "Лорд" деп аталады, оның ерекшелігі-маусымның соңынан шілденің соңына дейін ұзақ жеміс береді. Мен бақшаға қарауды қатты ұнатамын, ал босатылғаннан кейін өз үйімнің бақшасын қарап жеміс жидек, құлпынай, гүл өсірсем деп армандаймын", - дейді сотталған.

Колония күніне 1-2 кг құлпынай жинап, жергілікті асханаға береді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?