Жарты миллион өзбек мигранты пандемия кесірінен елге қайта алмады

28 Шілде 2020, 15:52
Сурет: theopenasia.net

Коронавирус пандемиясы кезінде енгізілген карантин шектеулеріне байланысты шамамен 500 мың өзбек мигранты елге қайта алмады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Өзбекстанның еңбек министрлігінің баспасөз хатшысы Рахимжон Махкамов 27 шілдеде Ташкентте өткен брифингте хабарлады, деп жазады centralasian.org.

Шенеуніктің айтуынша, шетелге шыға алмаған 76,2 мың мигрант отанында жұмысқа тұрған. Атап айтқанда, 68,7 мың адам қоғамдық жұмыстармен қамтылып, Қоғамдық жұмыс қоры олардың айлығына 21,8 млрд сум (2,1 млн доллар) бөлді.

2020 жылы қаңтар-маусым айларында Өзбекстанға 219 657 еңбек мигранты оралды. 122 805 өзбекстандық Реседен, 63 636 - Қазақстаннан, 7 144 - Түркиядан, 3 376 - Оңтүстік Кореядан, 22 697 еңбек мигранды әлемнің басқа да елдерінен оралды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?