Нұр-Сұлтанда пневмониямен ауыратын науқастар саны екі есе азайды

28 Шілде 2020, 15:59
Сурет: Газета.ру

Сондай-ақ жедел жәрдем станциясына қоңыраулар саны үш есе азайды, деп хабарлайды zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан әкімдігі коронавирус инфекциясымен, сондай-ақ пневмониямен күресудің тиімді шараларын қабылдауда. Бұған шілде айының басынан бастап қабылданған науқастар санының азаю динамикасы дәлел бола алады.

5 шілдеден бастап жүргізілген карантин шаралары мен амбулаториялық емдеуді күшейту нәтижесінде пневмониямен ауруханаға түскендер саны екі есе – 1348-ден 633 адамға дейін азайды. Жедел жәрдем станциясына қоңыраулар саны 3 есе – күніне 3 мыңнан 1100-ге дейін азайды.

Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясынан емделіп шыққандар саны 70%-ды құрайды – 10 320 науқастың 7 260-ы сауығып шыққан. Төсек-орын қорына жүктеме 99%-дан 38%-ға дейін төмендеді.

Covid-19-дың төмендеу динамикасын сақтау үшін барлық азаматтар қатаң санитария нормаларын: маска тағып, қашықтық сақтауы қажет.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?