Ашуланса қолына ерік беретін полиция бастығы жұмысынан босатылды

28 Шілде 2020, 16:43
Сурет: kazpravda.kz

Жамбыл облысы Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Бекхожаев қызметтік этиканы бұзғаны үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Желіде полиция қызметкері әріптесін қолмен салып жіберіп, итерген видеосы пайда болды. Бұл Жамбыл облысы Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Бекқожаев екендігі де хабарланады.

Бұл видеоға қатысты Жамбыл облыстық ПД түсініктеме берді.

- Әлеуметтік желілерді бақылау барысында полиция қызметкерлеріне қатысты өрескел әрекет қолданған фактідегі видео тіркелді. Бұл оқиға 20.04.2010 жылы Жамбыл облысы Сарысу аудандық полиция бөлімінде болған. Ішкі қауіпсіздік департаменті бұл факті бойынша ішкі тергеу жүргізді. Қызметтік этиканы өрескел бұзғаны үшін Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Бекхожаев қызметінен босатылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?