Қапшағайда көпірден секірген келіншекті қос жігіт судан аман-есен алып шықты

29 Шілде 2020, 10:53
Сурет: видеодан алынды

Алматы облысында суға кетіп өлмек болған 28 жастағы келіншекті полицейлер бақылау камерасынан көріп, құтқарып қалды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

-Қарындас! Әй, суға секірді, суға!

Оқиға кешкі сағат сегіз шамасында болды. Қапшағай су қоймасындағы көпірдің қиыр шетіне шығып алған әйелді тәртіп сақшылары бірден байқаған. Суға секіріп кетпек болған келіншекті полицейлер сөзбен тоқтатуға тырысыпты. Алайда ол ешкімге көнбеген. Келіншектің соңынан қос бірдей сақшы секіріп, оны аман-есен жағаға алып шықты. 28 жастағы Қапшағай тұрғыны ата-анасымен ұрсысып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Айбек Нұрмекенов, полиция қызметкері:

-Мен оның артынан секірдім. Жақын маңдағы балықшылардың көмегімен қызды аман алып қалдық. Қайыққа көтергеннен кейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, полиция басқармасына апарып жеткіздік.

(Тақырыпқа қатысты сюжетті видеоның 21.40 минутынан бастап көруге болады)


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?