Жаңалықтар тізбегі
0

Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 53 млн тонна көмір өндірілді

Today.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2020 18:52 Today.kz
Биыл Қазақстанда 120 млн тонна көмір өндіру жоспарланған.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша еліміздің көмір өндіруші компаниялары 53,0 млн тонна көмір өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9% - ға артық, деп хабарлайды zakon.kz.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстанда 120 млн тонна көмір өндіру жоспарланған. Осылайша елдің ішкі нарығына 82 млн тонна, экспортқа 38 млн тонна көмір жеткізілетін болады. Сондай-ақ, Украина бағытында 80 мың тоннаға және ҚХР бағытында 50 мың тоннаға жеткізу көлемін ұлғайту мәселелер пысықталуда.

Бүгінде Министрлік әкімдіктердің деректері негізінде 2020-2021 жылдарға коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін және халыққа арналған көмір өнімдеріне қажеттілік жоспарын қалыптастырды. Осы жоспарға сәйкес тұтыну көлемі 10 млнтоннаны құрайды, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға-2,8 млн тонна, халыққа – 7,2 млн тонна.

Бұдан бөлек, көмір саласындағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу мақсатында Министрлік, салалық кәсіподақтар және ҚР көмір саласы ұйымдарының жұмыс берушілері арасында Салалық комиссия құрылды. Қазіргі уақытта 2021-2023 жылдарға арналған салалық үш жақты келісім әзірленуде.

Сонымен қатар, бүгінде 2019-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының көмір саласын дамыту бойынша Жол картасын іске асыру жұмыстары жалғасуда. Аталған бағдарлама саланы қолдаудың жүйелі шараларын қабылдау және жаңа жобаларды енгізу жөніндегі іс-шараларды қамтиды.

Ірі жобалардың бірі "Богатырь" разрезінде көмір өндірудің циклді-толассыз технологиясы болып табылады, ол кәсіпорынның өндірістік қуатын жылына 42 млнтоннадан 48 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа технология өнімнің сапалық сипаттамаларын жақсартады, көмірді темір жол вагондарына тиеудің салмақты дәлдігін қамтамасыз етеді және көмір тиейтін вагондардың айналым уақытын үш есеге қысқартады.

Айта кету керек, жобаның тиімділігін арттыру үшін шетелдік қаржы институттарының қаражатын тарту жоспарланған, осылайша жобаның халықаралық деңгейдегі маңыздылығы артады. Көмір өндірудің жаңа бірегей жабдықтары мен технологиялары енгізілуде, бұл инновациялық құрамдас бөлікті айқындайды, сондай-ақ тау жынысын қималардың ішіне орналастыру жоспарлануына байланысты көмір өндірудің қоршаған ортаға теріс әсерін барынша азайтуды көздейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: