Жаңалықтар тізбегі
0

Дезинфекцияны күнде жасау керек - Алматы балалар клиникалық ауруханасының маманы

Алматы қаласының әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2020 18:57 Алматы қаласының әкімдігі
Дезинфекция вирус қоздырғыштарын жояды, адам мен жануарлардың денсаулығына зиян келтірмейді.

Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасының эпидемиологы Баянсұлу Табинова мегаполис аумағында жүргізілетін дезинфекциялық жұмыстардың қажеттілігі туралы айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның пікірінше, жүргізілген дезинфекция коронавирус инфекциясының таралуын және пневмония түріндегі аурудың асқынуларын азайтады.

"Еліміздегі қауіпті эпидемияға байланысты дезинфекция белсенді түрде жүргізілуде. Тазалық жұмыстары көбіне қоғамдық көліктерде, саябақтарда, ойын алаңдарында, яғни, қоғамдық орындарда жасалып жатыр. Дезинфекцияның ең басты маңызы - вирустың адамдар арасында таралуын болдырмау және патогендік микроорганизмдерді жою болып табылады", - деп толықтырды Баянсулу Табинова.

Дезинфекция жасау үшін тек Қазақстан Республикасы және Кеден одағы елдері аумағында қолдануға рұқсат етілген препарттар ғана пайдаланылатынын маман айтып өтті. Дезинфекциялық ерітінді қатаң нұсқауларға сәйкес дайындалады.

Сондай-ақ қоғамдық орындарда жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстары вирустың таралмауына тікелей әсер ететіндігін айтты.

"Дезинфекция- вирусты пневмонияны тудырмайды, өйткені ол вирусты пневмонияны тудыратын вирус қоздырғыштарын жояды. Қазіргі заманауи дезинфекция жасайтын құралдар қауіптілігі жағынан 4-ші топқа жатады. Бұл- ең төмен қауіпті білдіреді. Сондықтан бұл адам және жануарлар өміріне қауіпсіз екендігін айтқым келеді",- деді Баянсұлу Табинова.

Коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында, Алматы қаласының қоғамдық орындарында кең көлемді дезинфекция жүргізіліп жатқандығын естеріңізге сала кеткеміз келеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: