Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Шымкенттің екі тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталды

Тәркіленіп алынған айғақтық заттар (10 теледидар, 22 жүйелі блок, 22 монитор және басқа да құрылғылар) мемлекет пайдасына өндірілді.

Сурет : almaty.sud.kz29 Шілде 2020, 15:16

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, жалпыреспубликалық "Стоп-игра" жедел іс-шарасы барысында, Наурыз және Нұрсат мөлтек аудандарында заңсыз ойынханаларды ұйымдастыру бойынша алдын ала келіскен екі азаматтың заңсыз іс-әрекеті әшкереленді.

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен екі ұйымдастырушы ҚР ҚК 307 бабының 2 б., 2 т. сәйкес (заңсыз ойын бизнесін алдын ала сөз байланысып ұйымдастыру) кінәлі деп танылып, оларға 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Тәркіленіп алынған айғақтық заттар (10 теледидар, 22 жүйелі блок, 22 монитор және басқа да құрылғылар) мемлекет пайдасына өндірілді.

Қаржы мониторингі комитеті заңсыз ойын бизнесін белгіленген жерлерден басқа аймақтарда ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін қатаң ескертеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер