Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

ШОБ-ты жеңілдетілген кредиттеу құралдары едәуір кеңейтілді – Р.Дәленов

"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 5 216 жоба жүзеге асырылып, 22,9 млрд теңге кредит берілді.

Сурет : depositphotos.com29 Шілде 2020, 15:42

Кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде 2020 жылы 800 млрд теңгеден асатын бизнес-жоба қаржыландырылды. Бұл туралы сәрсенбіде өткен брифингте Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Жалпы төрт бағдарлама шеңберінде жыл басынан бері 864 млрд теңгеге 11 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. Бүгінгі таңда 660 млрд теңгенің 3 259 жобасы қарастырылуда", - деді Дәленов.

Ол елімізде төтенше жағдай режімінің енгізілуіне орай, экономиканы тұрақтандыру бойынша шұғыл жедел шаралар қабылданғанын еске салды. Бұл шаралардың шеңберінде ШОБ-ты жеңілдікпен кредиттеу құралдары кеңейтіліп, ал кредиттеу 1 трлн теңгеге артты. Бұл, атап айтқанда, "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша қосымша 400 млрд теңге және Ұлттық банк арқылы берілетін 600 млрд теңге.

"Бизнестің жол картасы" және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламалары бойынша салалар ауқымы едәуір кеңейді. Қарыз алушылар үшін соңғы мөлшерлеме - 6%, - деп атап өтті Дәленов.

Жыл басынан бері "БЖК-2025" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 112 млрд теңге болатын 1700-ден астам жоба қаржыландырылды.

"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 5 216 жоба жүзеге асырылып, 22,9 млрд теңге кредит берілді.

Жыл басынан бері "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша 382 млрд теңгенің 1500-ге жуық жобасы қаржыландырылды.

Сонымен бірге, Ұлттық Банк салалық шектеулерсіз, оның ішінде жеке кәсіпкерлер үшін 600 млрд теңгеге шағын және орта бизнесті жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасын іске қосты. Жыл басынан бері аталған бағдарлама бойынша 347 млрд теңгеге 2 570 жоба қаржыландырылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер