Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Томирис Байсафаның өліміне қатысты Дағыстан үкіметінің экс-басшысының ұлы күдікке ілінді

Тергеушілердің айтуынша, Меджидов ММШХҚ студенті Томирис Байсафаны ұрып, терезеден итеріп жіберген.

Сурет : life29 Шілде 2020, 17:44

2018 жылы Мәскеуде қайтыс болған қазақстандық студент қыз Томирис Байсафаның өліміне қатысты жаңа ақпарат пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

REN TV хабарлағандай, бойжеткенді Дағыстан үкіметінің экс-басшысы Муртузали Меджидовтің ұлы өлтірді деген күдікке ілініп отыр.

Телеарнаның хабарлауынша, ол 28 шілдеде Мәскеудегі Фрунзенская жағалауында ұсталған. Тергеушілердің айтуынша, Меджидов ММШХҚ студенті Томирис Байсафаны ұрып, терезеден итеріп жіберген.

2018 жылы студент қыз 4 қабаттың терезесінен құлап кетті. Бірнеше жері сынған қыз ауруханаға жеткізілді, ол бірнеше аптадан кейін қайтыс болды. Алғашында Томиристің өлімі туралы іс "Суицид" бабы бойынша тергелді. Кейін "Адам өлтіру" бабымен іс қайта жаңғыртылды. Сол кезде қыздың өліміне студенттердің бірінің қатысы бар делінді. Алайда тергеу қорытыныдысы бойынша оның бұл іске қатысы дәлелденбеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер