Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше бақылауға алды

Кеңес қорытындысы бойынша Е.Тоғжанов бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сурет : видеодан кадр29 Шілде 2020, 21:46

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Мемлекет басшысының карантин шараларын екі аптаға ұзарту жөніндегі тапсырмасы, өңірлердегі эпидемиологиялық жағдай, сондай-ақ карантин режимін бұзу фактілері жан-жақты қаралды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің сайтына сілтеме жасап.

Карантин режимінің ұзартылуына байланысты өңірлер әкімдіктеріне бизнес субъектілерімен карантин шаралары аяқталғаннан кейін олардың қызметін қалпына келтіру бойынша алдын ала жұмыс жүргізу тапсырылды.

Денсаулық сақтау министрлігіне ағымдағы жылдың 5 тамызына дейін енгізілетін нысандар бойынша санитарлық талаптарды бекіту және жариялау тапсырылды.

Қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында Ведомствоаралық комиссия мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың жергілікті жерлерде санитарлық талаптарды сақтау үшін жауапкершілік аймағын бекітті.

Бизнес субъектілерін қайта жаңғырту бойынша зерттеу актілерін өңірлер, қалалар, аудандар әкімдіктерінің басшылары, аумақтық санитарлық қызметтер, жұртшылық өкілдері және «Атамекен» ҰКП жеке қабылдайтын болады.

Сонымен қатар, пневмониядан өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі тіркелген Павлодар облысы әкімдігінің, сондай-ақ COVID-19-бен ауырудың өсуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қызметі тыңдалды.

Ішкі істер министрлігі елімізде 11 мың рейдті жүргізу нәтижесі туралы баяндады, оның қорытындысы бойынша 4 600 санитарлық тәртіп бұзушылық анықталды. Вице-премьер Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының әкімдіктеріне осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

Кеңес қорытындысы бойынша Е.Тоғжанов бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер