Жаңалықтар тізбегі
0

Бәйтерек монументінің авторы Ақмырза Рүстембеков дүниеден озды

Алматыбасжоспар, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2020 15:38 Алматыбасжоспар
Рүстембеков Ақмырза - танымал сәулетші, Халықаралық архитектура академиясының және Халықаралық Шығыс елдері архитектура академиясының толық мүшесі.

29 шілдеде Алматы қаласында Қазақстан Сәулетшілер одағының президенті Рүстембеков Ақмырза Исаұлы 64 жасында кенеттен дүниеден озды, деп хабарлайды zakon.kz. ⠀

Рүстембеков Ақмырза - танымал сәулетші, Халықаралық архитектура академиясының және Халықаралық Шығыс елдері архитектура академиясының толық мүшесі. Республикалық және халықаралық конкурстардың көп мәрте лауреаты. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері. ҚР және ТМД журналдарында басылып шығарылған архитектура және қала қурылысы туралы 25-тен астам жарияланымдар мен мақалалар авторы. Дүниежүзілік қайырымдылық альянсының Бітімгер алтын орденімен (2007), "Құрмет" (2010) орденімен; "Астананың 10 жылдығы" (2008) медалімен; Дүниежүзілік архитектура триенналесінде күміс медалімен (2003) марапатталған. ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2006) ескерілген.

"Астана-Бәйтерек" жобасы үшін 2002 жылы ТМД елдерінің сәулетшілер одақтарының халықаралық қауымдастығының (IASA) X халықаралық байқауында ең үздік құрылыс жобасы үшін Гран-приге ие болып, алтын медал иеленді; 2003 жылы Софияда өткен Дүниежүзілік архитектура триенналесінің күміс медаль иегері; 2003 жылы Бішкектегі Сәулет фестивалінде Гран-приді үтып, Қырғыз Республикасы Сәулетшілер одағының алтын медалін иеленді. 2004 жылы Ресей Сәулетшілер одағының "Сәулетшілер одағына адалдығы үшін" медалімен марапатталды. ⠀ ⠀

"Aлматыбасжоспар" ғылыми-зерттеу институтының ұжымы Ақмырза Исаұлының отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Ол әріптестері жадында мәңгілікке еңбекқорлықтың, табандылық пен кәсібиліктің үлгісі болып қала бермек", - делінген "Алматыбасжоспар" хабарламасында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: