Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Роман Скляр жұмыс сапарымен Татарстанда болды

Қазақстандық тарап тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, отандық өнеркәсіпті дамыту және импортты алмастыру мәселелері ҚР Үкіметі қызметінің басым бағыттары болып табылатынын атап өтті.

Сурет : primeminister.kz30 Шілде 2020, 10:21

Сапар аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Нижнекамск және Набережные Челны қалаларында болды, онда Қазақстан Республикасы мен Татарстан Республикасы арасындағы өнеркәсіптік кооперация және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Сапар барысында Роман Скляр Татарстан Премьер-Министрі Алексей Песошинмен және "КАМАЗ" ӨАҚ, "Татнефть" ӨАҚ, "Нижнекамскшина" ӨАҚ ірі өнеркәсіптік және қала құраушы кәсіпорындарының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Қазақстан Үкіметі басшысының орынбасары өндірістік қуат көздерімен танысып, автомобиль жасау, мұнай-химия өнеркәсібі, сондай-ақ автомобиль және өнеркәсіптік шиналар өндірісі саласында бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады", делінген Үкіметтің ресми сайтында.

Атап айтқанда, "Татнефть" ӨАҚ мен "Аллюр" компаниялар тобы" АҚ арасында Қазақстан Республикасында шина өндірісін ұйымдастыру бойынша жол картасына қол қойылды. Жобаны іске асыру 800-ге жуық жұмыс орнын құруға және шиналарға деген өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға, өндірісті оқшаулауға, көрші елдерге экспорттық әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді. Бұл ретте өндірістік қуаты жеңіл техника үшін 3 млн шинаны құрайтындықтан, ұлғайту мүмкіндігін 3,5 млн шинаға дейін арттыруға болады.

Қазақстандық тарап тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, отандық өнеркәсіпті дамыту және импортты алмастыру мәселелері ҚР Үкіметі қызметінің басым бағыттары болып табылатынын атап өтті.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жобаларын іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыруға келісті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер