Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Жээнбековке көңіл айтты

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2020 17:45 Pixabay
2020 жылдың 30 шілдесінде Қырғызстанда коронавирустық пандемия құрбандарын аза тұту күні деп жарияланған.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековке және қырғыз халқына коронавирус пандемиясы құрбандарын аза тұту күніне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке және қырғыз халқына 2020 жылдың 30 шілдесінде Қырғызстанда коронавирус пандемиясы құрбандарын еске алу үшін Ұлттық аза тұту күніне байланысты көңіл айтты.

"Қазақстан халқы және өз атымнан ұлттық аза тұту күнінде коронавирус пандемиясы құрбандары болған бауырлас Қырғызстан азаматтарын еске алуда шын жүректен өз қынжылысымды білдіргім келеді. Осы қиын-қыстау сәтте, орны толмас қайғы-қасіретпен бөлісіп, марқұмдардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Сондай-ақ бүгінгі күні осы зұлым аурумен күресіп жатқан барлық науқасқа тезірек сауығып кетуін тілеймін", - делінген Қазақстан Президентінің көңіл айту жеделхатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев қабылданған шұғыл шаралар, қырғыз халқының бірлігі мен біртұтастығы көп ұзамай елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік беретініне сенім білдіріп, сонымен қатар Қазақстан бұрынғыша бауырлас Қырғызстан халқына барлық жағынан көмек көрсетуге және коронавирус инфекциясына бірлесіп қарсы тұруға бар күшін салуға дайын екендігін айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: