Жаңалықтар тізбегі
0

Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2020 03:10 primeminister.kz
2019 жылы Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі туралы "Жақсылық" көркем фильмі түсірілген.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин даңқты спортшы, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Грек-рим күресі бойынша қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері, отандық спорттың және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлға Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіровтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты Сіздерге орны толмас ауыр қайғыларыңызға ортақтасып көңіл айтамын.

Аты аңызға айналған Жақсылық Әмірәліұлы кәсіпқой қазақ күресін нығайтумен бірге, іскер басшы, білікті ұйымдастырушы ретінде бар саналы ғұмырын ауыл шаруашылығын нығайтуға, кәсіпкерлік саласын өркендетуге арнады. Жақсылық Әмірәліұлы өзіне тән адамгершілік қасиеттері мен қайырымдылық істері арқылы әрдайым халқының сый-құрметіне бөленді.

Асыл азаматтың жарқын бейнесі әлемдік спорт тарихындағы өшпес ғұмыр жолы мен бағындырған биіктері, ел игілігі жолындағы ерен еңбегі арқылы өскелең ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталып қалары сөзсіз.

Марқұмның топырағы торқа, жаны жәннатта болсын!" - делінген жеделхатта.

Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров (шын есімі Жақсылық Үшкемпірұлы Әмірәлиев) 1951 жылы 6 мамырда Дихан ауылы, Свердловск ауданында (Жамбыл облысы) туған.

Грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

· 1980 жылы ХХІІ Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды. Бірнеше рет Грек-рим күресінен КСРО біріншілігінің жеңімпазы, КСРО халықтарының VI жазғы спартакиадасының жеңімпазы,

· 1981 жылы әлем чемпионы,

· 1982 жылы әлем кубыгының күміс жеңімпазы,

· 1974-1984 жылдар Қазақ КСР мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушы.

· 1984 жылы Красноярск қаласында жалауын көтерген КСРО кубогында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровты үлкен спорттан шығарып салу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

· 1984-1993 жылдар республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің директоры.

· 1993 жылдан "Жақсылық" спорт клубының директоры.

Марапаттары:

Жақсылық Үшкемпіров спорттағы жетістіктері үшін Қазақстанның еңбек ері, "Барыс", "Құрмет белгісі", "Парасат"ордендерінің иегері.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт нысаны:

"Шығыс Қазақстан облыстық мамамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиада резервінің Семей қаласы бойынша Жақсылық Үшкемпіров атындағы №1 спорт мектебі"

Директор: Көшкінов Мерей Қойшыбекұлы

Жыл сайын Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир ұйымдастырылып тұрады.

2019 жылы Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі туралы "Жақсылық" көркем фильмі түсірілді. Үшкемпіровтің жасөспірім және бозбала шағын Эльнар Назаркул мен Сануржан Сүлейменов, ал 60 жастағы кезін Досжан Жанботаев ойнады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: