Жаңалықтар тізбегі
0

Блок-бекеттегі ойран: Бұрынғы полиция қызметкері басқа баппен сотталатын болды

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2020 17:44 Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Алдында аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі, яғни "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған еді. Тергеу кезінде айыптталушының әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабының 4-бөлігі (мас күйінде көлік құралын басқарған адамның жол ережесін бұзуы, салдарынан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырады) бойынша қайта бағаланған.

Алматы облысының Қарасай ауданында 25 мамырда болған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

- 2020 жылдың 25 мамырында А.Т. Азаматовқа қатысты жазатайым оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және оның әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабының 4-бөлігі (мас күйінде көлік құралын басқарған адамның жол ережесін бұзуы, салдарынан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырады) бойынша қайта бағаланды. Медициналық тексеру кезінде Азаматовтан "алкогольдік масаңдықтың орташа деңгейі" анықталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу ісі тараптарды іс материалдарымен таныстыру сатысында тұр, - делінген Алматы облыстық прокуратурасының ресми сауалға берген жауабында.

Олар ҚІЖК-нің 47-бабының 8-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруден алынған мәліметтердің құпиялығын сақтау тәртібі ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша айқындалғанын атап өтті.

- Осы норма талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мәліметтері жария етілмейді. Оған прокурордың рұқсаты болуы керек, онда да ол егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса ғана жария етіледі, - деді прокуратурадағылар.

Айта кетсек, 25 мамырда Алматы облысының Қарасай ауданында мас жүргізуші карантин кезінде қойылған блок-бекетке көлігімен қойып кетті. Алдымен ол бетон қоршауды бұзып, одан соң бар инерциясымен патрульдік көлікті соққан. Онда екі полиция қызметкері болды. Салдарынан 42 жастағы полиция лейтенанты Жарас Жанғазиев оқиға орнында қайтыс болды. Оның әріптесі, 1994 жылы туған Дастан Әбдіқанов ауыр халде жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліп, сол жерде қайтыс болды. Үшінші жәбірленуші, полиция қызметкері 1994 жылғы Ерболат Сейдәзім ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Ол аман қалды. БМВ жүргізушісі бұрынғы полиция қызметкері Азат Азаматов болған. Апатқа дейін ол өз міндеттерін орындамағаны үшін жұмыстан шығарылған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі, яғни "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған еді. Тергеуді ҚР ІІМ Тергеу басқармасы жүргізді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: