Жаңалықтар тізбегі
0

Оқушыларға кибермәдениет және тыныс алу жаттығулары бойынша сабақ өтетін болды

cdn.iz.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2020 17:56 cdn.iz.ru
Еліміздегі барлық мұғалімдер үшін қашықтықтан оқыту бойынша оқыту курстары ашылды.

Біз оқыту әдістері мен бала білімін бағалау нормаларына өзгеріс енгізіп жатырмыз. Қазір осы бағытта үлкен жұмыстар атқаралуда, деп мәлімдеді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында, деп хабарлайды zakon.kz.

- Біз сабақ оқыту форматы бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын егжей-тегжейлі нұсқаулық дайындадық. Яғни, қашықтықтан оқыту жағдайында оқу процесінің принциптері мен технологиялары өзгереді. Осыған байланысты біз бағалау нормаларын, оқыту әдістері мен кері байланысты орнату бойынша жұмыс істеп жатырмыз, - деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, шілде айынан бастап облыстық білім басқармаларымен, аудандық, қалалық білім басқармаларымен күнделікті вебинарлар өткізіліп келеді. Жеке кесте бойынша 7 мың директорға, 12 мың мектеп директорының орынбасарларына және 2 мың әдістемелік кабинеттердің басшыларына арналған онлайн жиналыстар өткізілді.

- Еліміздегі барлық мұғалімдер үшін қашықтықтан оқыту бойынша оқыту курстары ашылды, - деді министр.

Ол оқушылардың ата-аналары мен оқушылардың өздері үшін әдістемелік қолдау көрсету маңызды екенін түсіндірді.

- 4-ші тоқсанның соңында біз бұған көзіміз жетті, сондықтан балалар үшін бірыңғай сынып сағаттарын өткізу жоспарлануда: үйде қалай оқу керек, кибермәдениет, гигиена негіздері, Интернет арқылы қалай үйренуге болады, тыныс алу жаттығулары мен физикалық жаттығулардың маңызы дегендей. Білім күнін 1 қыркүйекте онлайн режимінде өткізу жоспарланған, - деді Аймағамбетов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: